Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықтар Черногорияда ұсталды

Фото: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
795

Нашарқорлық онлайн-дүкенін құрды деген күдікпен шетелде ұсталды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы 2025 жылғы 8 қыркүйекте ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Хабарламада көрсетілгендей, ҚР екі азаматы — қамауға алу және экстрадиция мақсатында халықаралық іздеуде жүрген күдіктілер — Черногорияның Бар қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ұсталған.

«Олар мынадай ауыр қылмыстарды жасады деген күдікке ілінді:

* Есірткі және психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз айналымға түсіру;
* Аталған заттарды тұтынуға итермелеу;
* Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында әрекет ету;
* Лауазымды тұлғаға пара беру», – деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Тергеу деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы жұмыс істейтін есірткі және психотроптық заттарды сататын интернет-дүкен ашқан.

«Қылмыстық схема аясында олар курьер ретінде жұмысқа қабылдау туралы хабарландырулар арқылы сыбайластарды жинап, бүкіл заңсыз әрекеттерді үйлестіріп, қаржыландырып отырған. Қазіргі таңда күдіктілер Черногория аумағында қамауға алынды», – делінген мәлімдемеде.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...