Көкшетауда аулаға кіреберісте әйел жүргізуші әйел адамды қағып кеткен (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
24

Көкшетауда 9 мамыр күні тұрғын үй ауласында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды: автотұраққа кіреберісте көлік жүргізушісі әйел адамды қағып кеткен, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға бейнежазбаға түсіп қалған — кадрларда көліктің жаяу жүргіншіні қағып кеткені көрінеді.

Ақмола облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қаза тапқан әйелдің 13 жастағы ұлы қалған.

Тұрғындардың айтуынша, бұған дейін аулаға екі кіреберіс болған, алайда оның біреуі жабылып, қазір барлық көлік ағыны бір ғана жол арқылы өтеді. Соның салдарынан көліктер көбіне жылдамдықты төмендетпейді.

Тұрғындар бірнеше рет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қосымша кіреберісті ашып, аумақтың қауіпсіздігін арттыру туралы өтініш жасағандарын айтады. Алайда ешқандай шара қолданылмаған. Енді тұрғындар өздері мен балаларының қауіпсіздігіне алаңдап, мәселені шұғыл түрде шешуді талап етуде.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемен қаласында Үлбі өзеніне батып кеткен жас жігітті іздестіру жұмыстары аяқталды. Шығыс Қазақста...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты Қ.-ға қаты...