Димаш Құдайберген Қытайда жаңа халықаралық музыкалық шоу бастайды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ....
Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5 208 адамға жетті
Фото: әлеуметтік желі
547
Венесуэла парламентінің төрағасы Хорхе Родригестің мәліметінше, табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 5 208 адамға дейін өскен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Соңғы деректер бойынша, зардап шеккендер саны 16,7 мың адамға жуықтаған. Ал 5 шілдеден бері құтқарушылар үйінді астынан 6,4 мыңнан астам адамды аман алып шыққан.
Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Билік қираған аудандарда төтенше жағдай режимін сақтап, зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізу жұмыстарын күшейткен.