Ақтөбеде ауылдастарын жиһадқа үндеген ер адам 7,5 жылға сотталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
542

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды  MadeniPortal.kz.

Сот материалдарына сәйкес, ол айналасындағы адамдарға жиһад туралы айтып, оған қатысуды діни міндет ретінде түсіндірген. Сондай-ақ жиһадты намаздан жоғары қойған.

Айыптау актісінде сотталушының радикалды діни идеологияның ықпалында болғаны және өз көзқарасын өзгелерге таратуға тырысқаны айтылған.

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 11 наурызда ер адам адамдарды жиһадқа қатысуға үндеп, мұны діни міндет деп түсіндірген.

Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ жиһад туралы мәліметті бұрын оқыған діни әдебиеттерден алғанын айтты.

Әлем

Сенегал жағалауында мигранттар мінген ағаш қайық аударылып, кемінде 39 адам көз жұмды. Бір адам аман...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматының шығарындылар деңгейі төмен аймағындағы газдандырылған ауданд...