Елімізде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Фото интернеттен

ЖАҢАЛЫҚТАР
2290
Бақылаушы органның мәліметінше, уақыт өткен сайын алданып қалған адамдардың саны артып келе жатыр, деп хабарлайды Мәдениет порталы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Алаяқтар жәбірленушілерге құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде бейне-қоңырау арқылы хабарласып, белгісіз тұлғалар жәбірленушінің атынан несие алуға әрекеттеніп жатқаны туралы жалған ақпарат береді.

Осы „несиені“ жою үшін дереу жаңа несие алуға банк бөлімшесіне баруды ұсынады. Банктен алған несие ақшасын жаңа „қауіпсіз“ шотқа аударуды өтінеді. Бұл – алаяқтардың шоты, – делінген Бас прокуратура таратқан ресми хабарламада.

Бас прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлері видео-қоңыраумен ешқашан хабарласпайтынын, мұндай форматта жұмыс істемейтінін ескертеді. Бөтен адамға, тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де банк мәліметтерін бермеу керек екенін, күмәнді жағдайлар туындағанда 115 нөміріне қоңырау шалу керегін ескертеді.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...