Ақтөбеде балалар алаңында жылан қаптап кетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2644

Ақтөбедегі «Батыс-3» шағынауданындағы балалар алаңында жылан жайлаған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Тұрғындардың сөзінше, бұл құбылыс жыл сайын қайталанады. Жолдарда жүреді, балалар ұстап алғысы келіп жүгіреді.

Кәдімгі сұр жыландар - улы жыландардың қатарына жатады екен.

Бұрын бұл жержан-жануар мен жәндік мекендеген иен дала еді. Биологтар: «құрылыс басталар алдында барлық жәндік атаулыны шаһардан алшақ жерге көшіру қажет еді», - дейді.