Марқұм актер Мұрат Бисембиннің қызы тұрмысқа шықты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
461

Белгілі қазақстандық актер, марқұм Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова тұрмысқа шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қуанышты жаңалықты ол Instagram парақшасында бөлісіп, ақ көйлек киген суреттерін сүйіктісімен бірге жариялады.

Диананың таңдауы – Қазақстан регби құрамасының капитаны, танымал спортшы Мұхаммед Расул. Желі қолданушылары жас жұбайларға жылы лебіздерін жаудырып, олардың жарасымды жұп екенін жарыса жазуда.

«Өте әдемі жұп! Бір-біріңізге қатты ұқсайсыздар», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
«Бақытты болыңыздар! Махаббаттарыңыз мәңгі болсын», – деп тілек білдірді тағы бірі.

Кейбір пікір қалдырушылар күйеу жігіттің келбетіне назар аударып, оны шетелдік танымал тұлғалармен салыстырған. «Күйеу жігіт нағыз спортшы екені көрініп тұр, өте сымбатты», – деп жазды олар.

Сонымен қатар оқырмандар марқұм Мұрат Бисембинді де еске алды. «Әкесі көрсе, қатты қуанар еді… Жаны жәннатта болсын», – деген пікірлер де кездеседі.

Дегенмен, той уақытына қатысты түрлі көзқарас та болды. «Әкесінің қазасынан кейін ертерек сияқты…» деген пікір айтқандар да табылды. Алайда көпшілік Диананы қолдап, өмір жалғасатынын атап өтті. «Әр адам бақытты болуға лайық», – деп жазды желі қолданушылары.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...