Ақтөбеде ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1188

Ақтөбеде ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бір күн бұрын желіде ерлі-зайыптының жоғалғаны туралы ақпарат тараған. Кейіннен олардың қайтыс болғаны белгілі болды.

Облыстық полиция қала сыртында зорлық-зомбылық белгілері бар 39 жастағы әйелдің денесі табылғанын хабарлады.

«Одан кейінгі іс-шаралар барысында күйеуінің денесі асылып тұрған күйінде табылды», - дейді департаменттегілер.

Алдын ала болжам бойынша ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес ерлі-зайыптының артында 5 баласы қалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...