Астанада 1 жыл бұрын ақалтеке тұқымының биеcі дүниеге келген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Прези...
36 градус ыстық: Сенбіге арналған ауа райы болжамы
Фото: freepik
16 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінің тұрғындарына ескерту жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады. Облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың шығысында 1 градусқа дейін үсік күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында да жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың шығысында, солтүстігінде және таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде таулы аудандарда 1 градусқа дейін үсік болады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін үсік болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қаласында түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында түнде 1-3 градус үсік болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында 23 м/с дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі, ал солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында кей уақыттарда шаңды дауыл болады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.