Ақтөбеде соңғы қоңыраудан кейін мектеп қызметкері көз жұмды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
945

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданындағы Жосалы ауылында мектеп қызметкері қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға 25 мамыр күні, соңғы қоңыраудан кейін болған. Бұл туралы «Диапазон» басылымы жазды.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 59 жастағы ер адам мектепте слесарь болып жұмыс істеген. Сол күні түскі уақытта ол отбасы және достарымен бірге Қуағаш өзеніндегі бөгет маңына демалуға барған. Алайда суға түсуге арналмаған орында қайғылы жағдай болған. Куәгерлер ер адамды құтқарушылар келгенге дейін судан шығарып алған. Сол сәтте ол дем алмай жатқан.

Оқиға орнында алғашқы көмек көрсетіліп, тынысы қалпына келтірілгеннен кейін зардап шегуші Бадамша ауруханасына жеткізілген. Дегенмен дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада 14 жастағы Нұрисламбек қайғылы жағдайда қаза тапты. Жасөспірімнің кеудесіне бұрауыш сұғы...