Жамбыл облысының тұрғындары Англияға жұмысқа барамыз деп алаяққа алданып қалды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
125

Жамбыл облысының он тұрғыны Англиядағы жылыжайлардан жоғары жалақы іздеп, алаяқтың арбауына түсіп қалды. Олар шетелге бару үшін несие рәсімдеген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жәбірленушілердің айтуынша, олар әлеуметтік желіден Англиядағы жылыжайларға жұмысқа шақыру туралы хабарландыруды осыдан бір жыл бұрын көрген. Алаяқ әйел оларға айына миллион теңгеден астам табыс табуды және саңырауқұлақ терумен айналысатындарын айтып, сендірген.

Аса ауылының тұрғындары бұл ұсынысқа сеніп, шетелге жол ақысын төлеу үшін жаппай несие рәсімдеген.

Ақшаны алғаннан кейін күдікті байланысқа шығуды тоқтатқан. Шығын көлемі 5 миллион теңгеден асады.

«Соңғы тиынымызды жинап бердік. Қазір қарызға батып, несие төлей алмай отырмыз. Англияға барамын деп бұрынғы жұмысымнан шығып кеткен едім, 8 айдан бері жұмыссызбын», — дейді жәбірленушілердің бірі.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғады. Күдікті әйелдің тұлғасы анықталды, бірақ ол қашып үлгерген.

Жамбыл облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Уәлихан Ағыбаевтың сөзінше, қазіргі уақытта әйелге халықаралық іздеу жарияланып, оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдарының жүріп жатқанына 8 айдан асты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ипотекаға бастапқы жарна ретінде 30%-дан көп төлеген қазақстан...

PESTEL

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазы маңында рұқсатсыз өткен екі контейнерлік кем...