Қазақстандық атлет Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1685

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды. Бұл туралы madeniportal.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

20 шақырымдық спорттық жүріс сайысында Ясмина Тоқсанбаева қола жүлдеге қол жеткізді. Ол межелі қашықтықты 1 сағат 32 минут 22 секундта жүріп өтті.

Аталған жарыста бірінші орынға қытайлық Инь Хан (1:30:44), ал екінші орынға тағы бір Қытай спортшысы Ма Ли (1:32:08) ие болды.

Сол бағдарламада ерлер арасында бақ сынаған Георгий Шейко мәре сызығын сегізінші болып кесті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын&raq...