Ақтөбеде жүкті болып қалған оқушы қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
352

Ақтөбе облысы Темір ауданындағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушысының жүктілігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Темір ауданында болған. Алғашында мектеп директоры мұндай жағдайды жоққа шығарғанымен, облыстық Полиция департаменті ақпаратты ресми түрде растады.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің барысын Полиция департаменті басшылығы қатаң бақылауға алды.

Өңірлік білім басқармасы оқушы қыздың жағдайына қатысты пікір білдірді. Белгілі болғандай, жасөспірім бұған дейін сабағын жақсы оқыған.

«Қазіргі уақытта оқушы қыз мектепке бармайды. Оның заңды мүдделері толық қорғалуда, мамандар бұл іспен айналысып жатыр», — деді басқарма өкілдері. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы шабуыл кезінде жараланған болуы мүмкін, бірақ есін біледі және жасыр...

Шоу-бизнес

Белгілі әнші және актриса Айгүл Иманбаева ұшақ ішінде бортсеріктермен келіспей қалған, деп хабарлады...