Ақтөбедегі тікұшақ апатының себебі анықталды

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2375

Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатының алдын ала себебін атады, деп хабарлайды madeniportal.kz

Бүгін өңірде МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан бір адам қаза тауып, 2 адам Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі – техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеуде, – деп жазылған Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажет көмек көрсетіледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметті желіде Ақтаудағы Орталық жолда өртеніп жатқан көліктің видеосы тарады, деп хабарлады ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен...