Қостанайда полиция көлігінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2026

Қостанайда полиция көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жол апаты 20 қарашада таңертең Қобыланды батыр даңғылында болған. Қостанай облысы Полиция департаменті мәліметінше, қызметтік автокөлік жүргізушісі жарық дабылдарын қосып келе жатып, қиылыстағы қауіпсіздікке көз жеткізбей, Lada 21074 көлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, алайда екі автокөлікке де зақым келіп, материалдық шығынға ұшырады. ЖКО дерергі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деп хабарлады ведомство.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...