Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі стратегиялық маңызы зор міндеттерді атады. Ол, әсіресе, Торғай аймағ...
Араларында 7 бала бар: Жаңаөзенде ер адам өз әйелін пышақтап өлтірді
Фото: Pexels
Маңғыстау облысы Қызылсай ауылында ер адам өз әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы хабарды қазақстандық азамат Threads желісінде жазды.
“Оқиға Қызылсай ауылында 29 қаңтар күні кешкі уақытта болған. 43 жастағы ер адам әйелін суық қарумен жарақаттаған. Ерлі-зайыптының ортақ 7 баласы бар. Мұндай қылмыстар жасырын қалмауы және ақталмауы тиіс”, – деп жазды ол.
Аталған жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдірді. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
“29 қаңтарда Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 44 жастағы әйел көз жұмды. Марқұмның жұбайы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде туған. Аталған дерек бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр”, – делінген хабарламада.