Хиджаб киюден бас тартқан қызды ата-анасы суға тұншықтырып қорлаған

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1281

Бішкекте 20 жастағы қыз хиджаб киюден бас тартқаны үшін ата-анасы ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып, сасық сұйықтыққа батырып қинаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Orda.kz сайтына сілтеп.

Бұл туралы «Сезім» дағдарыс орталығы әлеуметтік желіде хабарлады. Орталықтың дерегінше, ата-анасы қызды оқуға жібермей, үйден шығармай, телефонын тартып алған. Жәбірленушінің сөзінше, ата-анасы оның хиджаб кимеуін «жынның әсері» деп түсіндіріп, молдаға апарған.

«Мен хиджаб кимеймін, бұл — менің таңдауым. Бірақ олар бұған қарсылық білдірсем, бойымнан жын шығару керек деп ойлайды», — деген жәбірленуші дағдарыс орталығы жариялаған видеода.

«Сезім» қызметкерлерінің айтуынша, ата-анасы қызды күн сайын молдаға апарып, «жын шығаруды» талап еткен. Сол жерде оны құбыршекпен (шланг) соққыға жыққан, сондай-ақ арнайы бөшкеге отырғызып, белгісіз сасық сұйықтыққа батырып азаптаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...