Аралда такси бағасын негізсіз көтерген жүргізуші жауапқа тартылды

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
134

Арал ауданында шетелдік азаматтарға такси қызметінің бағасын негізсіз көтерген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жағдай әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында шетелдіктер жариялаған видеоны анықтаған. Кадрлардан Арал ауданындағы жергілікті такси жүргізушісінің жолақы құнын көтеріп айтқаны байқалады.

Тәртіп сақшылары жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол – Арал ауданының 50 жастағы тұрғыны.

«Ер адам тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы бұзғаны және тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген ІІМ хабарламасында.

Сот шешімімен жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынды.