Қызылордадағы жатақханадан 16 жастағы студенттің мәйіті табылды

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
125

Қызылордада 16 жастағы студент Нұрдәулет Мырзалы өлі күйінде табылды. Оның туыстары жасөспірім жоғары курс студенттерінің қатыгез соққысының құрбаны болды деп мәлімдеуде. Марқұмның отбасының айтуынша, үшінші курс студенттерінің бірнешеуі бозбаланы соққыға жығып, кейін болған оқиғаны жасыруға тырысқан, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жасөспірімнің әпкесінің айтуынша, жігіттің қан-жоса болған денесін жатақхана дәлізімен сүйреп апарып, кейін бөлмеге жасырған. Ал әкесі кіші курс студенттерін жатақхананың спортзалына жиі апарып, сол жерде жоғары курс студенттері қорлық көрсеткенін айтты. Отбасы бұл қайғылы жағдай жүйелі зорлық-зомбылық пен әкімшілік тарапынан бақылаудың болмауынан туындауы мүмкін деп есептейді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жәбірленушінің өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Полиция бұл істің департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін де атап өтті.

Ал колледж әкімшілігі қайғылы жағдайдан кейін кадрлық шешімдер қабылданғанын хабарлады. Жатақханадағы тәртіпті бақыламағаны үшін бірнеше қызметкер жұмыстан шығарылған.

Сонымен қатар оқу орнының басшылығы оқиғаға буллинг емес, студенттер арасындағы жеке жанжал себеп болды деп отыр. Алайда марқұмның отбасы төбелеске қатысқандармен қатар, жатақханадағы студенттердің қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерді де жауапқа тартуды талап етуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Синоптиктер Қазақстанға ауа райы болжамын ұсынды: 14, 15 және 16 мамырға арналған, деп хабарлады Mad...

ТЕАТР

 Қуыршақ театры  балаларға арналған ертегі әлемі ғана емес, актерден жан-жақтылықты талап...