Әлеуметтік желіде Джеки Чанның командасының Ақтауға келгені туралы ақпарат берілген видео пайда болд...
Түркістан облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
ашық дереккөз
390
Шиелі – Түркістан теміржол учаскесінде №7/8 «Саратов – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының бір вагонының доңғалақ жұптары рельстен шығып кетті. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, оқиға 16 маусым күні сағат 12:49-да техникалық себептерге байланысты болған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Хабарламаға сәйкес, жолаушыларға медициналық көмек ұсынылғанымен, олар одан бас тартқан.
Оқиғаның салдарын жою және пойыз қозғалысын қалпына келтіру үшін оқиға орнына жедел түрде қалпына келтіру пойызы жіберілді.
Сонымен қатар жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша құрам ұйымдастырылып, отырғызу мен жөнелту жұмыстары жедел тәртіппен жүзеге асырылды.
Ұлттық компания өкілдері жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.