Назарбаев университетіндегі дауға қатысты Астана полициясы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп...
“Әйелі үшін”: Өлім жазасына кесілген қылмыскер өлтірілді
Фото: freepik
Иран 2023 жылы Тегерандағы Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасаған адамды өлтірді. Үкімді елдің Жоғарғы соты бекітті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Кеше, 21 мамырда таңертең Иранның Жоғарғы соты Әзірбайжанның Тегерандағы елшілігіне қарулы шабуыл жасаған ер адамға қатысты өлім жазасын орындады.
Шабуыл 2023 жылдың 27 қаңтарында жасалды. Калашников автоматы бар шабуылдаушы ғимаратқа кіріп, күзет бастығын өлтіріп, екі қызметкерді жарақаттады. Прокурорлардың айтуынша, сотталушы жеке себептермен осындай қылмысқа барған.
Тергеу мәліметі бойынша, қылмыскерлің әйелі елшілікте жасырынып, үйіне оралмаған көрінеді.
Сот оны қасақана кісі өлтіру, қаруды заңсыз сақтау және қоғамдық тәртіпті бұзу сияқты бірнеше баптар бойынша кінәлі деп тапты. Сот шешімімен ер адам өлім жазасына кесілді.
Өлім жазасы марқұмның отбасы ресми келісім бергеннен кейін орындалды.