Олжас Бектенов жаңа қорғаныс министріне үндеу жасады

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
469

үгін үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовке тапсырма берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

"Мемлекет басшысы әскери қызметті реформалау бойынша маңызды міндеттер қойды. Айдос Сәкенұлы, сіз өзіңізге артылған осынау жоғары сенімді толық ақтайды деп сенеміз", - деді Бектенов отырыс басталар алдында.

Еске сала кетейік, 27 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Мырзахметовті Қазақстанның Қорғаныс министрі етіп тағайындады. Тағайындалғанға дейін Мырзахметов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болған.

Сол күні Президент Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, армияны кешенді реформалау бойынша міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, жауынгерлік әзірлікті арттыру, әскери қызметшілерді даярлау тәсілдерін қайта қарау, әскерлерді басқаруды жетілдіру және әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

Кейін Мырзахметов Қорғаныс министрлігінің басшылығымен алғашқы жұмыс кеңесін өткізіп, онда Президент қойған міндеттерді іске асыруға кірісуді тапсырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда ауа райының күрт салқындауына байланысты биыл жылыту маусымы әдеттегіден ерте басталады. 9...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтаудағы №1 жалпы білім беретін мектепте 10 және 11-сынып оқушылары арасында жаппай төбелес б...