Олжас Сүлейменов жиенінің өліміне себепші болған Малика Мұхитоваға қатысты үндеу жолдады

Жаңалықтар
2971

Белгіл ақын Олжас Сүлейменов жиені Ескендір Сүлейменовтің өлімі үшін екі жылға сотталған Малика Мұхитованы бас бостандығынан айырмауды сұрады.



Естеріңізде болса, Қызылорда облыстық ІІД басшысының 29 жастағы қызы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің жиені Ескендір қаза тапқан жол апатына айыпты деп танылып, 2 жылға сотталған болатын. Мұхитова енді жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді. 

"Ескендір Сүлейменовтің қаза болғанына алты ай болды. Туыстарын мұндай ауыртпалықтан ешқандай да уақыт емдемейді. Жиенім тәжірибесіз жүргізушінің қолынан қаза тапты. Жүргізуші бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан мотоцикль жүргізушісін қағып өлтірді. Бірнеше айдан соң тергеу бұл деректі растады. Осыған сәйкес аудандық сот шешім қабылдады. 2018 жылдың 26 желтоқсанында Астана қалалық соты осы істі тағы қарайды. Сүлейменовтер отбасындағы ең үлкені мен болғандықтан жауапкершілікті өз мойныма алып, Жоғарғы сотқа осы жол апатына кінәлі деп танылған сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұраймын. Оның жасы 30-ға келіп қалды. Тұрмысқа шықсын, ана атансын. Сонда ғана Малика Мұхитова біздің сезімімізді түсінеді. Ескендірді енді қайтара алмаймыз, бірақ ол қыздың өмірін құртқымыз келмейді", - деп жазған Олжас Сүлейменов үндеуінде. 

Олжас Сүлейменовтің жиені Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

kaz.tengrinews.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...