Әскери дәрігерге қатысты сұмдық жайт белгілі болды

ашық дереккөзден алынған

Әлем
3982

АҚШ-та әскери дәрігер Майкл Стокин Вашингтон штатының Льюис-Маккорд әскери базасында 41 науқасқа жыныстық зорлық жасағаны үшін 13 жылға сотталды, деп хабарлады madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Майор Строкинге қарсы 22 айғақ табылды. Сотталушы кінәсін мойындады. Сонымен қатар барлық лауазымынан айырылды. Майкл Стокиннің медициналық лицензиясы алынды. Ол жыныстық қылмыскерлер тізіміне кірді. Енді ол түрмеден шыққаннан кейін де қызметіне оралмайды әрі қаруын иелене алмайды.

Әскери бөлімге дәрігердің үстінен бірнеше рет шағым түскен. Алайда басшылық оның қызметін жалғастыруына кедергі келтірмеген. Сондықтан бірнеше зардап шеккен әскери қызметкер армиядан 5 миллион доллар өтемақы талап етіп отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...