Астана әуежайы жолаушыларға шұғыл үндеу жасады

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1659

Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.

 

- E-gov порталындағы техникалық ақауларға байланысты құжаттардың электронды нұсқалары уақытша жүктелмейді. Жолаушылардан жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын өздерімен бірге алып жүруін сұраймыз, делінген хабарламада. 

Еске салайық, бүгін Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттары істемей қалды. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) мемлекеттік органдардың серверлік орталығындағы техникалық іркіліске байланысты бірқатар сервистердің уақытша тоқтап қалғанын хабарлады. 

eGov.kz портал пайдаланушылары EGOV Mobile қосымшалары, Ашық үкімет порталы, мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-порталы және ҰАТ-тың басқа да жобалары істемей қалғанын байқаған. Компанияның айтуынша, бұл мемлекеттік органдардың серверлік орталығындағы техникалық ақау болып отыр.

Қазір " ҰАТ " АҚ мамандары барлық күш-жігерін салып, сервистердің жұмысқа қабілеттілігін толық қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Жақын арада жұмыстарды аяқтауды жоспарлайды. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетудің және екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаймыз, - деп хабарлады ҰАТ.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Бұған дейін цифрландыру министрі Жаслан Мәдиев мереке күндері Қазақстанда интернет жұмысында белгілі бір іркілістер байқалғанын айтқан еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сап...