Тележүргізуші, журналист Әйкерім Есенәлі аттан құлап, ауыр жарақат алғанын айтты, деп хабарлады MADE...
2026 жылдан бастап жүргізушілерді қандай айыппұлдар күтіп тұр?
Фото: Freepik
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы автокөлік жүргізушілерін жағымсыз жаңалық күтіп тұр, себебі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдардың барлығы автоматты түрде өседі. Бұған айыппұл есептеуде қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 10 пайызға ұлғаюы себеп. Осылайша, енді кез келген құқық бұзушылық жүргізушілердің қалтасына едәуір салмақ салады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Айыппұлдар неге өсті?
2026 жылы айлық есептік көрсеткіш 4325 теңге болып бекітілді. Ал 2025 жылы АЕК бұдан 10 пайыз төмен болған.
Қазақстанда әкімшілік айыппұлдардың барлығы АЕК-ке байланысты болғандықтан, кодекске өзгеріс енгізілмесе де, төленетін сома автоматты түрде өсіп отыр.
Қарапайым тілмен айтқанда, ережелер өзгерген жоқ, бірақ оларды бұзғаны үшін төленетін айыппұл құны артты.
Жылдамдықты асыру – ең жиі әрі ең қымбат айыппұл
Жолда ең жиі тіркелетін құқық бұзушылықтардың бірі – жылдамдықты асыру.
2026 жылы бұл үшін төленетін айыппұлдар мынадай:
10-20 км/сағ – 5 АЕК (21 625 теңге);
20-40 км/сағ – 10 АЕК (43 250 теңге);
40-60 км/сағ – 20 АЕК (86 500 теңге);
60 км/сағ және одан жоғары – 40 АЕК (173 000 теңге).
Жылдамдық неғұрлым жоғары болса, айыппұл да соғұрлым қомақты. Кей жағдайда оның көлемі тіпті қолданыстағы автокөліктің бағасына жақындап қалады.
Рөлде телефон қолдану
Көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу немесе радиостанция қолдану әлі де өрескел құқық бұзушылық саналады.
Айыппұл мөлшері – 5 АЕК (21 625 теңге).
Бар-жоғы бірнеше секундтық алаңдау жолдағы қауіпсіздікке де, жеке бюджетке де айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін.
«Шулы» көлік пен «лас» түтін
Шу деңгейі мен зиянды шығарындылар нормасынан асқан көліктер үшін айыппұлдар да айтарлықтай:
жеке тұлғаларға – 10 АЕК (43 250 теңге);
заңды тұлғаларға – 100 АЕК (432 500 теңге).
Егер бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса:
жеке тұлғалар – 86 500 теңге,
заңды тұлғалар 865 000 теңге төлейді.
Белдік, шлем және жүк тасымалы
жолаушы немесе жүк тасымалдау ережесін бұзу – 21 625 теңге;
салоннан тыс жолаушы тасымалдау, терезеден шығу, ашық есікпен жүру – 43 250 теңге;
қауіпсіздік белдігін тақпау немесе мотошлемсіз жүру – 21 625 теңге.
Тротуар, қарсы жолақ және қауіпті маневрлер
тротуармен, жаяу жүргіншілер жолымен немесе жол жиегімен жүру – 64 875 теңге;
тыйым салынған жағдайда қарсы жолаққа шығу – 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айыру.
Тұрақ ережесін бұзу да арзан емес
- қарапайым тұрақ немесе тоқтау ережесін бұзу – 21 625 теңге;
- тротуарға, көгалға, гүлзарға немесе балалар алаңына қою – 43 250 теңге;
- қозғалысқа кедергі келтіру – 43 250 теңге;
- мүгедектерге арналған орынға қою – 43 250 теңге;
- ақылы тұраққа төлем жасамау – 4325 теңге.
- Қиылыстар мен арнайы көліктерге жол бермеу
- кептеліп тұрған қиылысқа шығу – 12 975 теңгеге дейін;
- «жедел жәрдемге», полицияға немесе өрт сөндірушілерге жол бермеу – 64 875 теңге.
Бағдаршам, белгілер және жаяу жүргіншілер
қызыл немесе сары түске өту – 43 250 теңге;
жаяу жүргіншіге жол бермеу – 43 250 теңге;
жол белгілері мен таңбаларды елемеу – 12 975 теңге;
авариялық жағдай туғызу – 43 250 теңге.
Теміржол өткелі – ерекше жауапкершілік аймағы
Теміржол өткелінен өту ережесін бұзу – 86 500 теңге айыппұл.
Жол-көлік оқиғасы: айыппұлдан – көлік жүргізу құқығынан айыруға дейін
мүліктік залал – 108 125 теңге;
жеңіл дене жарақаты – 173 000 теңге немесе 9 айға дейін жүргізуші куәлігінен айыру;
жүргізуші куәлігінсіз жол апатына себеп болу – 259 500 теңге.
Оқиға орнынан кетіп қалу:
216 250 теңге немесе 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру (жәбірленушіге көмек көрсету жағдайы – ерекшелік).
Құжаттар, нөмірлер және техникалық талаптар
- құжаттарды ұмыту – 21 625 теңге немесе ескерту;
- жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару – 216 250 теңге немесе 10 тәулікке дейін қамау;
- тоқтау талабын орындамау – 173 000 теңге;
- оқылмайтын нөмір – 21 625 теңге;
- нөмірсіз жүру – 43 250 теңге;
- жалған нөмір – 64 875 теңге;
- заңсыз қайта жабдықтау – 64 875 теңге;
- техникалық байқаудан өтпеу – 21 625 теңге.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жол ережесін бұзу айтарлықтай қымбатқа түседі. Ережелер өзгермегенімен, АЕК-тің өсуі айыппұлдарды ауыр қаржылық жүктемеге айналдырып отыр. Ал кейбір жағдайларда жүргізуші тек ақшасынан емес, көлік жүргізу құқығынан да айырылуы мүмкін.