Танымал қазақ футболшысы дүниеден озды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1288

Қазақ футболының ардагері, тәжірибелі ойыншы әрі бапкер Марат Жалғасұлы Есмұратов 65 жасында өмірден озды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

"Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына және барша футбол қауымдастығына қайғыра көңіл айтады.

Қазақстан футбол федерациясы қазақ футболының дамуына атсалысқан Марат Жалғасұлының есімін әрқашан ардақтайды. Оның өнегелі өмір жолы халқының жадында мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.

Марат Жалғасұлы – отандық футболдың дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында жеті мәрте алаңға шыққан.

Ол "Мелиоратор", "Машук", "Қайрат", "СКИФ-Ордабасы", "Актюбинец", "Мұнайшы" клубтарында өнер көрсетіп, 2001 жылы "Қайсар" сапында мансабын аяқтаған. Марат Есмұратов Қазақстан Премьер-лигасында 265 матч өткізіп, 6 гол соққан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған үш әскери қызметші «Ерлігі үшін&raqu...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қаб...