Астана маңында апатқа ұшыраған ұшақ туралы тың дерек шықты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2203

Астанада 22 маусым күні болған жеңіл моторлы TL-2000 ұшағының апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы ҚР Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«TL-2000 маркалы жеке меншік жеңіл әуе көлігінің құлауына байланысты ҚР ҚК 344-бабы 3-бөлігі бойынша алдын ала тергеу амалдары басталды», – делінген ведомство таратқан мәлімдемеде.

Құлаған ұшақ жеке меншікке тиесілі болған. Алдын ала дерек бойынша, бортта болған екі адамның – пилот пен жолаушының қаза тапқаны расталды. Қазір апаттың нақты себептері анықталып жатыр.

Бүгін Астана қаласындағы Жоламан әуеайлағы маңында оқу-жаттығу барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған екі адам қаза тапты.

Қазіргі уақытта Көлік министрлігінің мамандары апат орнына барды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...