Шымкентте ішінде жолаушысы бар лифт 12-ші қабаттан құлап кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
955

Шымкентте Қонаев даңғылында орналасқан элиталы тұрғын үй кешенінде төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ішінде жолаушысы бар лифт 12-қабаттан кенеттен төмен қарай құлдилап, тек апаттық қауіпсіздік жүйесінің арқасында ғана тоқтаған.

Автоматты қауіпсіздік жүйесінің іске қосылуы кабинаны жетінші қабат деңгейінде тоқтатуға мүмкіндік берді.

Зардап шеккен әйелді құтқарушылар лифттен шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйелдің табан сүйектері мен омыртқасы сынған.

— Науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Ол дәрігерлердің бақылауында, — деп хабарлады ведомствода.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...