Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды madeniportal.kz.Әз-Наур...
ҚазҰУ жатақханасында бірінші курс студенті көз жұмды: не белгілі?
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік қалашығында қайғылы оқиға болды. 6 қараша күні кешке Журналистика факультетінің бірінші курс студенті қайтыс болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, бойжеткен Алматыға Шымкент қаласынан білім алу және журналист болу мақсатында келген. Қайғылы жағдайдан кейін студенттік қалашыққа полиция қызметкерлері мен университет өкілдері барған.
Оқиға №5 студенттер жатақханасында болғаны хабарланды. Сол түні жатақханада тұратын студенттерге бөлмелерінен шығуға және балконға баруға уақытша тыйым салынғаны айтылып жатыр.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, студенттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Алайда Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы өзге ақпарат жарияланбайды.