Астана маңында үш көлік соқтығысып, 5 адам қаза тапты

Фото: 716.kz парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
619

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 21 маусым күні Астана – Қорғалжын автожолында Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser маркалы көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ауыр соққыдан Toyota маркалы екі көлік өртеніп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан бес адам көз жұмып, тағы бес адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біріккен Араб Әмірліктерінде іздеуде жүрген Қазақстанның үш азаматы ұсталып, қылмыстық жауапкершілік...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жылдан асты. Осы уақыт ішінде...