Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылындағы ЖГҚС-та болған жарылыс салдарынан екі адам зар...
Балық орнына айыппұл ілінді: Ақтауда жүргізуші 86 500 теңге төлейтін болды
ашық дереккөз
Ақтауда 24 жастағы ер адам жаңбыр суы жиналған жолдың ортасына көлігін тоқтатып, балық аулаған кейіп танытқан. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желіде таралып, полиция жүргізушіні бірден үш құқықбұзушылық бойынша жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға 7 қарашада Ақтау қаласындағы 17 және 18А шағынаудандарының арасындағы жолда, «Халық Арена» спорт мектебінің маңында болған.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның Chevrolet Cobalt автокөлігінің төбесіне шығып, жаңбыр суы жиналған жолға қармақ салғаны көрінеді. Алайда оның бұл әрекеті тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмады.
Полиция тексеру барысында 24 жастағы жүргізушінің көлік басқару құқығы болмағанын анықтады. Сондай-ақ автокөліктің міндетті техникалық байқаудан өтпегені белгілі болды.
ІІМ мәліметінше, ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша шара қолданылған:
-
434-баптың 1-бөлігі – ұсақ бұзақылық;
-
612-баптың 2-бөлігі – көлік құралын басқару құқығынсыз жүргізу;
-
590-баптың 9-бөлігі – міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлікті басқару.
Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
«Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша сот шешімімен құқық бұзушыға 86 500 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», – деп хабарлады ІІМ.
Полиция қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін сақтау барлық азамат үшін міндетті екенін ескертті.