Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хаб...
Мас әйел мүгедек қызын ұрып-соққан
Фото: freepik
Ресейде 45 жастағы әйел үш жасар мүгедек қызын подъезде ұрып, балағаттаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға түнгі уақытта болған.
Куәгерлердің айтуынша, әйел қызымен бірге үйіне қайтып келе жатқан. Өздігінен жүре алмайтын баланы мүгедектер арбасымен баспалдақпен көтеру кезінде әйел ашуға беріліп, бар ашуын қызына төккен. Ол баланы ұрып, ауыр сөздер айтып, тіпті «Неге өліп қалмайсың, оңбаған» деп айқайлаған.
Көршілер әйелдің бұған дейін де балаға қатыгездік көрсеткенін айтқан. Олардың сөзінше, әйел ішімдік пен есірткі қолдануы мүмкін. Сондай-ақ үйіне бейтаныс ер адамдарды жиі әкеліп, қызын балконға жалғыз қамап қояды деген күдік бар.
Әйелдің тағы екі ұлы бар екені белгілі болды. Көршілерінің мәліметінше, үлкен ұлының есірткіге тәуелділігі бар, ал екінші ұлы анасынан алып кетуді өзі сұраған.
Оқиғаға қатысты мән-жайлар анықталып жатыр. Баланың қазіргі жағдайы туралы ақпарат әзірге белгісіз.