Астанада тұрғын үй кешенінде екі қыз биіктен құлаған

Видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
700

Астананың сол жағалауындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды. Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, екі қыз биіктен құлаған. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

9 қараша күні кешкі уақытта көпқабатты тұрғын үйдің маңында шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеген. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде де тарады.

Астана қалалық Полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады.

«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары әзірге қайтыс болған адамдар туралы өзге мәліметтерді жариялаған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал қазақстандық режиссер әрі актер Нұртас Адамбайдың жұбайы Ғалия Адамбай әлеуметтік желіде отб...

PESTEL

Қырғызстандағы «Ала-Арча» шатқалында қаза тапқан 14 жастағы Амир Кунакуновтың әкесі ұлын...