Астанада 19 жастағы ана жаңа туған сәбиін сатып жіберген

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
577

Астанада жаңа туған баланы заңсыз беру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды,деп хабарлайдыMadeniPortal.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, 19 жастағы елорда тұрғыны делдалдардың көмегімен жүктіліктің сегізінші айында жалған суррогат ана болу шартын рәсімдеп, жаңа туған сәбиін ерлі-зайыпты жұпқа ақшаға берген.

2025 жылғы 23 мамырда сот әйел мен делдалдарды Қылмыстық кодекстің 135-бабы («Кәмелетке толмағандар саудасы») бойынша кінәлі деп таныды. Оларға пробациялық бақылаумен шартты түрде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазір бала кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылған. Сондай-ақ сот шешімімен анасы ата-ана құқығынан айырылды.

Прокуратура балаларға қатысты заңсыз мәмілелер қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...