Астанада 21 жастағы жігіт бауырын өлтіріп, үш туысына пышақ жарақатын салды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
3058

Астанада 21 жастағы Жанғали Жұматаев туыстарына пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Бір адам қайтыс болып, үшеуі ауруханада жатыр. Тергеу мәліметінше, жанжалға "Standoff 2" компьютер ойыны себеп болған.

Түнгі сағат 3-те апасы жиеніне ойынды тоқтатып, ұйықтауды өтінген, бірақ ол ескертуді елемеген. Кейін бәрі ұйықтап қалған соң, Жұматаев пышақ алып, немере ағасына 20-дан астам соққы жасап, оны оқиға орнында өлтірген.

Айқайдан оянған туыстарына да шабуыл жасаған. Үш әйел зардап шекті: екі апасы мен немере қарындасы. 

Қазір күдікті қамауға алынды. Зардап шеккендер ауруханада, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...