Астанадан Дубайға бағыт алған ұшақ әуеде кері қайтарылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
807

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Air Astana әуе компаниясы рейстер кестесіне өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Атап айтқанда:

  • Бүгін сағат 07:10-да Астанадан Дубайға ұшып шыққан KC205 рейсі ұшу әуежайына кері қайтып жатыр.

  • 12 шілде күні сағат 08:50-де Алматыдан Дубайға ұшуы жоспарланған KC897 рейсі тоқтатылды.

«Жолаушыларға билеттердің толық құны сатып алынған жері бойынша қайтарылады. Рейстер кестесіндегі алдағы өзгерістер туралы қосымша хабарланады», – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Сондай-ақ жолаушыларға рейстердің мәртебесін тұрақты түрде тексеріп отыру ұсынылды, өйткені ұшу және қону уақыттарына өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Компания қазіргі жағдайды жіті бақылап отырғанын және жолаушыларды елге қайтару мәселелері бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде өмірден өткен досына арналған көңіл айту жазбасы жарияланды. Жазбаны Нұрсұлтан Оры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бала үшінші тәулік бойы ес-түссіз жатыр. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлай...