Тау туризмі жаңа деңгейде: Алматыда 1 мың шақырымнан астам таулы бағыт цифрландырылды

дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1074

2025 жылы Алматыда тау инфрақұрылымын дамыту қарқынды түрде жалғасып жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қалада 1 мың шақырымнан астам таудағы жүргінші бағыттары цифрландырылды, оның ішінде 750 шақырымға жуық бөлігі абаттандырылды. 7 кемпинг аймағы құрылды, сондай-ақ ауқымды полиграфиялық және цифрлық материалдар дайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Биыл 10 басым тау бағыты көркейтіліп жатыр (оның ішінде Көкжайлау жотасына көтерілетін бағыттар, «Нұрлытау» маңынан басталатын соқпақтар, Бутаковка бағыты, «Халық соқпағы», Кімасар мен «Панорама» бағыттары және т.б.). Жұмыс аясында навигациялық көрсеткіштер, ақпараттық тақталар, түрлі-түсті бағыттық белгілер, демалыс алаңқайлары, орындықтар, қоршаулар мен қауіпсіздік элементтері орнатылды. Соқпақтарда құлама тастардан қорғау құрылғылары, ағаш өткелдер, баспалдақтар және арнайы демалыс алаңдары жасақталды.

Алма-Арасан шипалы бұлағы маңындағы кешенді қайта жаңғырту аяқталды. 775 метрлік жүргіншілер соқпағы қайта абаттандырылып, еңіс бөліктері бекітілді, көпірлер қалпына келтірілді және қауіпсіздік элементтері орнатылды.

Қолжетімділікті арттыру үшін жалпы тиражы 27 500 данадан тұратын баспа өнімдері (атлас, карта және гид-брошюра) дайындалды. Сонымен қатар үш тілде Брайль қарпімен материалдар әзірленді. 110-нан астам туристік нысан мен 10 маршрутты қамтитын аудиогид бес тілде жасалды.

Туризм басқармасы тау инфрақұрылымын дамыту және цифрлық сервистерді енгізу Алматыны белсенді демалысты ұнататын азаматтар үшін қауіпсіз әрі тартымды ете түсетінін атап өтті. Бұл экотуризм саласында жаңа өнімдер қалыптастыруға және туристердің қалаға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Сонымен бірге туристерге тауда қауіпсіздік ережелерін сақтауды, ауа райын мұқият қадағалауды және арнайы дайындықсыз немесе тиісті жабдықсыз шықпау қажеттігі ескертіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...