«Тамақ бермей, азаптап, есірткі берген»: Ақмолада әйел бір ай сексуалды құлдықта болғанын айтып жаға ұстатты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
888

Ақмолалық әйел бір ай сексуалды құлдықта болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz сайтына сілтеп. 

Туысының айтуынша, әпкесі алтын өндіретін кен орнында күзетші болып жұмыс істеген. Қазан айының соңында оны әріптесі ұрлап әкетіп, белгісіз жерде шамамен бір ай ұстаған. Күдікті әпкесімен жұмыста танысыпты. Ол үйленеміз деп уәделесіп, қыздың сеніміне кіріп, тіпті анасымен кездескен.

Соңғы рет қыз жігітінің жібермей жатқанын айтып, байланыс мүлдем үзілген. Ер адам жәбірленушіге тамақ пен су бермей, азаптап, есірткі қолдануға мәжбүрлеп, ұйқы бермей, ар-намысын таптаған. Әйел киімсіз терезе арқылы әрең қашып шықан.

Жәбірленушінің жақындары қылмыскер жалғыз болмады деп күдіктеніп отыр. Айтуынша, әпкесі әбден қалжырап, жүре алмай қалған. Өзінен өзі дірілдеп, жылай береді екен. Қазір ол психикалық денсаулық орталығында ем алып жатыр дейді.

Полиция мәліметінше, қыздың денесінен шыныдан болған жарақат іздері, есірткі және алкогольдік масаңдық белгілері анықталған. Тексеру барысында жәбірленуші тараптың уәждері мен оқиғаның барлық мән-жайы мұқият зерттелген.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...