15 млн теңгеден жоғары жалақыны елімізде кімдер алады?

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1622

Finprom мәліметінше, 2024 жылы ең үлкен номиналды жалақы алған ТОП-30 мамандық рейтингісі анықталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алғашқы ондыққа жалақысы 8 - 15 млн теңгеге дейін жететін мамандықтар енген. 

Жоғары жалақы алатындар көшін электр машиналары, аппараттары мен құралдарын сынақтан өткізетін маман бастады. Оның айлық жалақысы — 15,5 млн теңге. 

Одан кейінгі орында — инженерлік психология саласының сарапшысы. Оның айлығы – 15,3 млн теңге. 

Ал 14 млн теңгеге жуық табысты энергия үнемдеу инженері алады екен. 

Статистика бюросының дерегінше, 2024 жылы елімізде айлығы 1,5 млн теңгеден жоғары 42,1 мың адам болған.