Астанада аяғынан айырылған қызға 20 млн-ға жуық қаражат төленді

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1575

Астанада автобус апатынан зардап шеккен қыздың отбасына 19,6 млн теңге төленді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Сақтандыру компаниясы зардап шеккен баланың отбасына 19,66 миллион теңге төледі. Төлем тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шеңберінде жүргізілді.

Апаттан кейін сақтандыру компаниясының мамандары мүгедектік туралы анықтаманы қоса алғанда, құжаттардың толық пакетін күтпестен барлық соманы алдын ала төлеуге шешім қабылдады.

Мұндай қадам ұзақ уақыт емделуге, оңалтуға және протездеуге тура келетін баланың ауыр жағдайын ескере отырып жасалды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal....

СПОРТ

Қазақстан тарихындағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай болашақта к...