Шымкентте ер адам бұрынғы әйелін аңдып, үстіне қышқыл төккен. Оқиға салдарынан әйел ауыр жарақат алы...
Теміртауда жедел жәрдем қызметкері әріптесін соққыға жыққан
Фото: ЖИ
2273
Желіде жедел жәрдем қызметкері әріптесін соққыға жыққан оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Қарағанды облыстық полиция департаменті 29 жастағы күдікті ұсталғанын айтты.
«Теміртау қаласының 30 жастағы тұрғынына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша күдікті полицияға жеткізілді», - делінген мәлімдемеде.
Ведомство мәлімдеуінше, жанжалға өзара келіспеушілік себеп болған.
Қылмыстық іс қозғалды.