Астанада автобус жарық бағанасына соғылып, 20 метрге сүйреп кеткен

Фото: Instagram/zhaloby__astana

ЖАҢАЛЫҚТАР
124

Астананың Көктал ауданында маршруттық автобус жол-көлік оқиғасына ұшырап, көше жарығының бағанасын қағып кеткен. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Апат 20 тамызда Ардагерлер көшесінде болған. Оқиға куәгерінің айтуынша, автобус соққыдан кейін жарық бағанасын шамамен 20 метрге сүйреп кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем де келген.

Алайда алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Автобус жүргізушісі де жарақат алмаған. Ол соқтығыстан кейін көлікті тексерген.

Астана қаласының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы болғанын растады.

Полицияның мәліметінше, Yutong маркалы маршруттық автобус Ардагерлер көшесімен келе жатып, рөлді басқара алмай, көше жарығының тіреуішіне соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік шара қолданылып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық тазы өсіруші Анна Захарова өзіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған қолсағат...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Меркіде қайтыс болған Мадинаның өліміне қатысты жаңа деректер айтылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz...