Ұлттық ұлан жансақтау бөлімінен шыққан сарбазға мүгедектігін рәсімдеуге көмектеседі

Фото: Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро

ЖАҢАЛЫҚТАР
1971

Ұлттық нейрохирургия орталығы Ербаян Мұхтарды жарты жылдан астам жансақтау бөлімінде жатқаннан кейін үйіне шығарғанын, оны ешбір аурухана тіркеуге және мүгедек ретінде есепке алмай отырғанын жазған болатын, деп хабарлайды madeniportal.kz

Қазір ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінен шыққан https://www.instagram.com/reel/C-5265pNg-k/?igsh=MXFrOHMxcm40NnA0cQ== қатардағы Ербаян Мұхтар мүгедектік құжатын рәсімдеуге дайындалып жатыр.

Оның жарақат алу фактісі бойынша ҚР ҚК 440-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша уставтық ережелерді бұзу арқылы денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Ербаянның жақындары тергеу ісінің тоқтап тұрғанына наразы болған. Ал осы жолға мәлімдемесінде ІІМ тергеу барысы қатаң қадағалауда тұрғанын айтты.

Біз бұл мәселені көтергеү соң, денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық ұланның әскери-медициналық басқармасы Ербаянның мүгедектігін рәсімдеуге көмектесіп жатыр. Сонымен қатар, Ұлттық ұлан Ресейдің медициналық институттарына және Түркия елшілігіне кеңес алу мен ауруханаға жатқызу мәселесі бойынша өтінішпен жүгінді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...