Кабирхан қайтадан жеңіс тұғырына көтерілді

Фото:instagram.com/racingdubai

ЖАҢАЛЫҚТАР
263

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс ағылшын тұқымды жүйрік Кабирхан ұзақ үзілістен кейін қайтадан жеңіске жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Өткен демалыс күндері Пятигорск ипподромында өткен сынақ жарысына қатысқан жүйрік бірден топ жарып, атақты шабандоз Ю.А. Допираны еске алуға арналған бәйгеде мәреге бірінші болып келді. Бұл — Кабирханның соңғы екі жылдағы алғашқы жеңісі.

Кабирхан қазақстандық кәсіпкер Тлек Мұқанбетқалиевке тиесілі. Hippodrom.ru сайтының мәліметінше, Еуропа мен Солтүстік Америкадағы бірқатар сәтсіз жарыстардан кейін жылқы тәжірибелі бапкер, Кабардин-Балқар Республикасының маманы Арслангирей Шавуевке сенімгерлік басқаруға берілген. Сарапшылардың айтуынша, дәл осы маманның еңбегінің арқасында Кабирхан 2023 жылы халықаралық деңгейге көтерілген.

Жүйріктің ең жарқын кезеңі екі жарым маусым бұрын басталды. Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен беделді Al Maktoum Challenge жарыстарының екі кезеңінде жеңіске жеткен Кабирхан кейін әлемдегі ең ірі бәйгелердің бірі – жүлде қоры 7 миллион доллар болатын Dubai World Cup додасына жолдама алған еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада кішкентай марғауға қатыгездік көрсетілген сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқы...

СПОРТ

Қазақстан бокс федерациясы Жапонияда өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізім...