Астанада баланы ернінен сүйген 23 жастағы қыздың видеосы тарады: полиция тексеріс бастады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
145

Әлеуметтік желіде ересек қыздың көлікте отырған баланы ернінен сүйген сәті түсірілген видео тарады. Желіде қызу талқыға түскен жағдайға қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Threads желісінде видеоны бөліскен қолданушылардың бірі оны жариялау-жарияламау жөнінде ұзақ ойланғанын айтқан. Оның сөзінше, кадрларды өзі де Threads-тен алғандықтан, видеодағы адамдарды танымайды және оқиғаның толық мән-жайынан хабарсыз.

«Мен ешкімді айыптағым немесе кінәлағым келмейді. Мүмкін, бұл отбасы үшін басқаша қабылданатын қарапайым сәт шығар. Бірақ жеке өзім үшін бұл шектен шығу», – деп жазды ол.

Жазба авторы осы жағдайға байланысты баланың жеке шекарасы мен ересектердің жауапкершілігі мәселесін де көтерген. Оның пікірінше, бала болып жатқан әрекетті ойын ретінде қабылдап, оның мәнін ересектер сияқты түсінбеуі мүмкін.

«Ересек адамға жай ғана қалжың немесе зиянсыз контент болып көрінген нәрсені бала мүлде басқаша есте сақтауы мүмкін», – делінген жазбада.

Сонымен қатар автор мұндай сәттердің видеоға түсіріліп, интернетке жариялануына назар аударған. Өйткені баланың қатысуымен түсірілген контент желіде ұзақ уақыт сақталуы ықтимал.

Полиция видеодағы 23 жастағы қыздың жеке басын анықтаған. Ол баланың анасының құрбысы болып шықты.

«Оған қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша оның әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полиция.

Ал болған жағдайды ұялы телефонға түсірген баланың анасы баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайса...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) қызмет...