Жамбыл облысында атасыныңөз немересіне жасаған сұмдығы елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1428

Жамбыл облысында атасы 13 жастағы немересін зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға былтыр 20 сәуірде Меркі ауылында болған.

Қыздың анасының айтуынша, қайын атасы үйге заңсыз кіріп, немересін зорламақ болған. Келесі күні әйел учаскелік полицияға хабарласқан. Дегенмен олар істің қылмыстық кодекске жатпайтынын айтып, мән бермеген. Сосын әйел e-Otinish арқылы қалалық полицияға шағым білдірген. Осылайша Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша іс қозғалған. Дегенмен қыздың денесінде жарақат болмаған соң іс тоқтатылған.

Қыз қатты психологиялық күйзеліске ұшыраған. Тамырын кесіп, бірнеше рет өз-өзіне қол салмақ болыпты. Оның үстіне қазір атасы бостандықта жүр екен. Тіпті қоқан-лоқы көрсетіп жатыр дейді әйел.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...