Астанада бесінші қабатта қамалып қалған баланы құтқарушылар арқанмен түсірді

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1349

Астанада төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары кішігірім экстремалдық операция жүргізді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Олар альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен көпқабатты үйдің сыртқы қабырғасы бойымен төмен түсіп, пәтерде жалғыз қалған баланы құтқарды. 

Оқиға Сарыарқа ауданындағы М.Әуезов көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болған. 2019 жылы туған бала үйде жалғыз қалып қойған және есікті аша алмаған. Шарасыз қалған ата-аналар дереу құтқару қызметіне хабарласқан.

«Құтқарушылар пәтерге кіре алмай, альпинистік әдісті қолдануға мәжбүр болды. Олар бесінші қабаттың терезесінен арқанмен түсіп, екінші қабаттағы баланың пәтеріне кірді. Баланы дін аман ата-анасына табыстады», — делінген ТЖМ мәлімдемесінде.

Ведомство ата-аналарға кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Кейде бірнеше минуттың өзі күтпеген жағдайға алып келуі мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...