«Дала қырандары» бірлестігі суррогат алкоголь сататын дүкендерге рейд жүргізді

Жаңалықтар
640

30 наурыз күні «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі Астана қаласы Байқоңыр ауданындағы азық-түлік дүкендерін аралап, қолдан жасалған алкогольді ішімдіктерді заңсыз сатумен айналысатын кәсіпкерлерді анықтады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Дала қырандары» қоғамдық бірлестігінің координаторы Асхат Ділмұхамедовтың айтуынша, мұндай рейдтердің жүргізіліп келе жатқанына біраз уақыт болған.

«Рейд барысында «Дала Қырандарының» мүшелері «Байқоңыр» ауданының бірнеше учаскесін қамтуға тырысады. Дүкен иелері мен сатушылар біздің бірлестіктің тұрақты түрде ұйымдастырып жүрген рейдтері туралы хабардар. Соған қарамастан олар өздерінің заңсыз әрекеттерін әлі де жалғастыруда. Біз әрбір дүкенді аралап, адам өміріне зиянды ішімдікті заңсыз сататын  нүктеге барамыз, құқық қорғау органдарының өкілдерін шақырып, әкімшілік хаттама толтырғызамыз», - деп атап өтті А. Ділмұхамедов.

Бүгінгі рейд барысында бірлестік мүшелері мен БАҚ өкілдері заңсыз ішімдік сатқан дүкендерге барып, олардың иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Учаскелік полиция қызметкерлерін шақырып, хатттама толтырылды.

 

 

 

 

 

Айта кетейік, «Дала Қырандары» бірлестігі 2023 жылдың желтоқсан айында Астана қаласының «Байқоңыр» ауданында азаматтық бақылауды ұйымдастырған болатын. Мақсат – алкогольді заңсыз сату, есірткі тарату және басқа да құқық бұзушылықтардың фактілерін анықтау.

Нәтижесінде, ақпан айындағы рейд кезінде Биші қайың көшесі, 1-үй мекен-жайында орналасқан «Айша» дүкенінен 170 литрден астам қолдан жасалған алкоголь ішімдік табылды. Оқиға орнына шақыртылған құқық қорғау органдары адам денсаулығына зиянды өнімді тәркіледі.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...