«Көбісі күлді»: Айдана Меденова хиджабын не үшін шешкенін айтты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
338

Аман Тасығанға Кешюдың экс-әншісі Айдана Меденова сұхбат берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Айдана Меденова журналистке барлық сұраққа бүкпесіз жауап беретінін мәлімдеді. Ол сөз басын 3 жыл сахнадан жоғалып кеткені туралы айтып бастады.

«Мен үшін өте ауыр шешім болды. Білесіздер, 3 жыл бойы шығармашылықпен айналыспадым. Осы үш жылда дінге өте қатты бет бұрдым. Дінді зерттедім. Солай Құран оқып бастадым. Араб тілін үйрендім. Бәрі жазып жатыр. Күйеуі дінге кізгізіпті, ондай болыпты, мұндай деп. Мен бәрін оқып отырдым», — дейді әнші.

Меденова қазіргі таңда өмірінде шығындар көбейгенін де жасырмады. Сол кезде Аман Тасыған «Айдана хиджабын шығыны көбейгесін шешті деген сұрақ туындамай ма халықта?» деді.

Меденова:

«Адам кез-келген киіммен жүріп табыс таба алады. Басқа салаларда ақша келмеді деп айта алмаймын. Мен брендімді ашқанда көбісі күлді. Магазиніме күлгендер болды. Айдана бір магазиніне қуанып жүр екен деген. Иә мен қуандым. Себебі ол менің кәсібім. Өмірде әртүрлі өзгерістер, жағдайлар болады. Аллаға келетін адам ешкімнің көмегенсіз ақ келеді. Оған ешкім әсер ете алмайды», — деді әнші.

Меденова қыздарының орамал таққанына да пікір білдіріп, «мен оларға таққан жоқпын. Біз үйде еркіндік береміз. Олар өздері қалайды» деп жауап берді.

ПРОЗА

«Алматыдағы атқамінерлердің бәрі Астанаға бақтарын сынап жұмысқа кетті, сонда бар», &n...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Серік Сәпиев бүгінгі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, мәселе толық қаралып, жабық деп есепт...